Қоғамдық автобустар жаңа Конституция жобасы туралы ақпарат тарату алаңына айналды
Барлық өңірде ақпараттық науқан жалғасып жатыр
Еліміздің барлық өңірінде республикалық референдум қарсаңында ауқымды ақпараттық науқан жалғасуда. Қазіргі сәте қалалар мен облыс орталықтарында қатынайтын автобустар және басқа да қоғамдық көліктер негізгі арналардың біріне айналды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қоғамдық көліктерді тақырыптық материалдармен безендіру ақпаратты барынша үлкен аудиторияға жеткізуге мүмкіндік береді: жолаушылар конституциялық өзгерістер мен алдағы республикалық референдум туралы түсіндірмелерді күн сайын жол үстінде көре алады.

Материалдар автобустардың сыртына да, салон ішіне де – плакаттар мен цифрлық экрандарға орналастырылады. Мұндай формат аудиториямен тұрақты байланысорнатып, визуалды қамтуды жоғары деңгейде үйлестіреді.
Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 730 қоғамдық көлік безендірілді.

Осылайша, қоғамдық көлік азаматтармен тікелей байланыс жасаудың тиімді құралына айналуда.
Мұндай форматтың арқасында қазақстандықтар күнделікті өмірде жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері туралы ақпарат алады: жұмысқа, оқуға бара жатқанда және жеке жұмысымен жүргенде, бұл түсіндіру жұмыстарын барынша қолжетімді әрікөрнекі етеді.