Алматыда қатты желден ағаштар жолға құлап жатыр

Автор: Дәулет Ботагөз

Зардап шеккендер жоқ

Фото: ТЖД

Алматыда соққан қатты желдің салдарынан Медеу ауданында ағаштар жолға құлаған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

21 ақпан, таңғы сағат 09:15-те «Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» курортының арасындағы жолда (Горельник және «Апа-Катя» маңында) ағаш құлап, қозғалысқа кедергі келтірген.

Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметі мен Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен.

«Құтқарушылар мен ұлттық парк қызметкерлерінің бірлескен күшімен жолдың жүру бөлігі жедел түрде тазартылды. Ешкім зардап шеккен жоқ», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі уақытта жолдар ашық, көлік қозғалысына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.