Дайындық жұмыстары 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді
Қазақстан мен Ресейдің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері бірлескен жоспарлы жаттығуларды өткізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бірыңғай өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, дайындық жұмыстары 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді.
Бұл шараның басты мақсаты — екі елдің кезекші күштерінің өзара іс-қимылын нығайту, жауынгерлік шеберлігін арттыру және әуе кеңістігін қорғауға дайындығын тексеру.
Әскери қызметкерлер алдағы бірнеше апта ішінде келесі маңызды міндеттерді пысықтайды:
Қорғаныс ведомствосы азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және негізсіз қауесет таратпауға шақырды.