Қысқы Олимпиада: фристайл-акробатикадан спортшыларымыз іріктеу кезеңінде сүрінді

Автор: Асыл Арман

Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады

Фото: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.

Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.

Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.