Қаскөйлер жиі қолданатын айла-шарғылар белгілі болды
Ішкі істер министрлігі қазақстандықтарға алаяқтар жиі қолданатын айла-шарғылар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта Android операциялық жүйесі орнатылған мобильді құрылғыларға зиянды бағдарламаны орнатып, тарату жағдайлары тіркелуде. Қаскөйлер оны тарату үшін түрлі тәсілдер қолданады.
Олар:
Мұндай бағдарлама орнатылғаннан кейін алаяқтар құрылғыға қашықтан қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Бұл шоттардағы қаражаттың ұрлануына, онлайн-несиелердің рәсімделуіне, жеке деректер мен хат алмасудың таралуына, сондай-ақ телефонды бұғаттап, төлем талап етуге әкеп соғуы мүмкін.
Өзіңізді қорғау үшін үшінші тұлғалардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, тек ресми қосымшаларды және антивирустық бағдарламаны пайдаланыңыз, банк операциялары туралы хабарламаларды қосыңыз.
Телефоныңызда қауіпті бағдарламаның болу белгілері: батареяның тез таусылуы, құрылғының қызып кетуі және бейтаныс қосымшалардың пайда болуы.
«Күдік туындаған жағдайда интернетті дереу өшіріңіз, банкпен байланысыңыз және құқық қорғау органдарына жүгініңіз. Сақ болыңыз. Цифрлық қауіпсіздік өзімізден басталады», – деді ІІМ.