Темір ауданының Еңбекші ауылында 23 жастағы тарих пәні мұғалімі үйінен өлі күйінде табылды
Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбекші ауылында жас мұғалімнің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Мұғалімнің денесі өзі тұрып жатқан үйден табылған. 2002 жылы туған азаматтың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Марқұм Темір ауданындағы Еңбекші ауылындағы мектеп-балабақшада тарих пәнінен сабақ берген. Ақтөбе облыстық білім басқармасының дерегіне сүйенсек, ол еңбек жолын Маржанбұлақ ауылында бастап, 2025 жылғы ақпаннан бері Еңбекші мектеп-балабақшасында жұмыс істеген. Басқарма мәліметінше, жас маман қызметін жауапкершілікпен атқарған, жұмыс барысында басшылық тарапынан ескерту болмаған.
Оқиғаның себептері тергеу нәтижесінде белгілі болады.