Жамбыл облысында қылмыстық топ ұсталды: олардан ірі көлемде есірткі табылды

Автор: Асыл Арман

Олар енді 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ірі көлемде каннабис өткізумен айналысқан төрт адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктілердің тұрғылықты жерлері бойынша жүргізілген тінту барысында 100 келіден астам кептірілген марихуана, 2 келіден астам гашиш және каннабис шайыры тәркіленді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Қазіргі уақытта ұсталған тұлға-ларға қатысты есірткі заттарын өткізу бойынша қосымша 7 факт анықталып жатыр, сондай-ақ есірткі жеткізу арналарының басқа өңірлерге бағытталған жолдары белгіленуде.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.