Мамандардың мәліметі белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, оңтүстік Қазақстан өңірлерінде қыс бойы әдеттен тыс жылы ауа райы сақталып тұрды.
«Алайда қыс – қыс, сондықтан жақын күндері ол өз күшін көрсетеді. Суық ауа массалары Қазақстанның оңтүстігі арқылы жылжып, жауын-шашынға (жаңбырдың қарға ұласуы), кей жерлерде қатты жауын-шашынға, желдің күшеюіне, көктайғақ құбылыстарына, сондай-ақ ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі. Күндіз және түнде термометр бағандары 2-7 градус жылы деңгейге дейін төмендейді», – делінген синоптиктер болжамында.