Жас жігіттің денесі 15 ақпан күні Леденево ауылында табылды
Солтүстік Қазақстан облысының Мамлүт ауданында 19 жастағы ер адамның денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Петропавловск.news басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіттің денесі 15 ақпан күні Леденево ауылында табылған. Алдын ала дерекке сәйкес, оқиға суицид ретінде қарастырылып отыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.