Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр
Павлодар қаласында жедел қызметкерлер есірткі заттарын таратумен айналысу үшін келген Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Күдікті интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушысы рөлін атқарғанын, есірткі заттарын жасырын «қоймаларға тығу» – арқылы таратуды жоспарлағанын түсіндірді. Тінту барысында жүргізілген сараптамаға сәйкес синтетикалық есірткі заттары болып саналатын орамалар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктіден зип-пакеттер, электронды таразылар және қаптауға арналған құралдар алынды», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айгазин.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауда, қылмысқа қатысы бар өзге тұлғалар анықталып жатыр.