1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтықта жарыс басталды. Бұл бәсекеде Қазақстан намысын Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша қорғап жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іріктеу кезеңінен өту үшін спортшылар өз тобында 1-2-орын алуы немесе үшінші орын алғандар арасынан уақыт көрсеткіші бойынша үздік төрттікке енуі қажет болды.
Әжіғалиев екінші топта кейбір қарсыластарының құлаған сәтін тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті де, тікелей 1/4 финалға жолдама алды.
Никиша өз тобында үшінші нәтиже көрсетті. Алайда оның уақыт көрсеткіші іріктеу кезеңінен өтуге жеткілікті болды.
Айта кетейік, 1/4 финал, 1/2 финал және финалдық жарыстар 19 ақпанға қараған түні өтеді.