Оған Жеңіс Қасымбек қаланы жылумен қамтудың барысы туралы есеп берген
Бүгін премьер-министр Олжас Бектенов Астанада газбен жұмыс істейтін үшінші жылу электр орталығына барып, қаладағы жылу маусымының барысымен танысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, премьер-министр орталықтың негізгі жабдықтарын қарап шыққан.
«Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, биыл жобаның 1-ші кезегі толық аяқталатынын, 2-ші кезегін жүзеге асыру жоспарлар туралы айтып берген. Қазір жылу электр орталығы қаланың бұған дейінгі энергия тапшылығын толығымен жабады және өсіп келе жатқан қажеттіліктерді ескере отырып, артық қор қамтамасыз етеді. ЖЭО-3 сағатына 440 Гкал жылу өндіреді, ол Ш. Айтматов көшесі, Ұлы Дала, Тұран даңғылдары бойындағы және тағы да басқа перспективалы құрылыс аудандарына беріледі», - деп хабарлайды үкіметтің сайты.