Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңіріндегі тасжолда ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
16 ақпан күні Ақмола, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтіліп отыр.
Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.
«1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.