Біршама өңірде қар жауып, тұман түседі
«Қазгидромет» 16 ақпанға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Алматыда түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болады деп болжанып отыр.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман мен көктайғақ болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді.
Қонаевта түнде және таңертең тұман мен көктайғақ болып, жел кей уақытта 18 м/с дейін күшейеді.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауып, жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысында түнде таулы аудандарда жаңбыр, күндіз бірқатар аумақта жауын, ал тауларда нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстікте найзағай ойнауы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Түркістанда күндіз жаңбыр жауады, желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар жауып, боран соғады, күндіз жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстікте тұман болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Петропавлда күндіз жауын-шашын, бұрқасын және көктайғақ болып, жел 15–20 м/с дейін жетеді.
Ақмола облысында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ, күндіз жауын-шашын, боран және көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда тұман болжануда. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Көкшетауда күндіз жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі, жел 15–20 м/с жетеді.
Қостанай облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ, солтүстікте қалың қар жауады. Күндіз де жауын-шашын сақталады. Бірқатар аудандарда тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Қостанайда түнде және таңертең қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады, тұман түсуі мүмкін.
Қызылорда облысында түнде және таңертең көктайғақ күтіледі, кей жерлерде тұман болады деп болжануда. Қызылордада кей уақытта тұман болады.
Атырау облысында тұман мен көктайғақ күтіледі. Жел 15–18 м/с дейін күшейеді. Атырауда тұман болады, түнде және таңертең көктайғақ болуы мүмкін.
Жамбыл облысында көктайғақ болып, кей уақытта тұман түседі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Таразда кей уақытта тұман күтіледі, желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Ұлытау облысында таңертең және күндіз жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей аудандарда тұман болады деп болжануда. Жезқазғанда таңертең және күндіз көктайғақ болып, кей уақытта тұман түседі.
Маңғыстау облысында түнде солтүстікте көктайғақ күтіледі, тұман болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Ақтауда түнде және таңертең тұман, күндіз жел 15–20 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында күндіз шамалы жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Жекелеген аудандарда тұман болуы мүмкін. Жел 15–18 м/с дейін күшейеді. Қарағандыда күннің екінші жартысында көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.
Абай облысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысында күндіз жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Павлодарда күндіз жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі, тұман болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с дейін күшейеді. Оралда жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі, тұман болуы мүмкін. Жел 15–20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Бірқатар аудандарда тұман болжануда. Жел 15–18 м/с дейін күшейеді.