БҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты жол жабылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Онда көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Фото: © istockphoto.com

Батыс Қазақстан облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты тас жолдардың бірінде қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

15 ақпан күні сағат 13:00-ден бастап «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» тасжолының 4-104 шақырым аралығында (Орал қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі учаске) көлік қозғалысына тыйым салынды.

Шектеу келесі көлік түрлеріне қатысты:

  • Жүк көліктері;
  • Қоғамдық көліктер.

Синоптиктердің болжамы бойынша, аталған учаскедегі жол 15 ақпан күні кешке ашылады. Алайда, ашылу уақыты ауа райына байланысты өзгеруі мүмкін.