Жанарбек Әшімжан: Жаңа Конституция Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған

Автор: Дәулет Ботагөз

Астанада «Референдум-2026» онлайн марафоны өтіп жатыр

Фото: «Референдум-2026» онлайн-марафоны

Астанада «Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды. Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаңда Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Ата заңның жаңа жобасы бүкіл мемлекеттің егемендігіне кепілдік беретінін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның сөзінше, жаңа Конституцияға көшу жаңа тарихи кезеңге жол ашады.

«Тәуелсіздік тамырына балта шабуға бағытталған кез келген қадам заңнамалық тұрғыдан мұқият талдануы тиіс. Жаңа Конституция жобасының бірінші бабынан бастап, барлық 11 бөлімі мен 96 бабына дейін — бәрі Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Бұл әдеби, мәдени, рухани, ғылыми, экономикалық және саяси тәуелсіздікті, азаматтардың ар-ождан бостандығын, аумақтық тұтастықты, басқа елдермен қарым-қатынасты қамтиды — мұның бәрі жаңа Конституция жобасына енгізілген. Бұл — жаңа тарихи кезеңнің бастауы», — деді депутат.