Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған
Қазақстанда 2025 жылғы мониторинг қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған ондаған шенеунік жауапқа тартылды. Олардың арасында қызметінен босатылғандар мен әкімшілік жаза алғандар бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, өткен жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң талаптарын бұзудың 122 дерегі анықталған.
Тексеру нәтижесінде шенеуніктерге қатысты келесі шаралар қолданылды:
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау шеңберінде 655 ұсыным беріліп, оның 57% қазірдің өзінде орындалды.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Сенат отырысында жемқорлықтың алдын алудың жаңа тетіктері туралы айтып берді. Енді бюджет қаржысының жұмсалуын бақылау үшін заманауи технологиялар қолданылмақ.
«Цифрлық теңге» платформасында ақшаны «таңбалау» бойынша пилоттық жоба іске асырылуда. Бұл механизм бюджет қаражатының түпкілікті алушыға дейін кімнің қолына түсетінін қадағалауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Парламентте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған екі заң жобасы қаралып жатыр. Сондай-ақ, «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» заңға өзгеріс енгізіледі. Құжатта келесі өзгерістер қарастырылған:
Агенттік халықаралық ұсынымдарды іске асыру және мемлекеттік аппаратты бюрократсыздандыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыра бермек.