$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ұсынды

Қазақстанның он қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

14 ақпан күні Қазақстанның 10 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) қалыптасады. Синоптиктер тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазгидромет» РМК дерегінше, сенбі күні ауаның ластануы елдің бірнеше ірі өнеркәсіптік орталықтары мен Астанада байқалуы мүмкін.

Қай қалаларда ауа ластанады?

Синоптиктердің болжамы бойынша, қолайсыз метеорологиялық жағдай келесі қалаларда күтіледі:

  • Астана;
  • Павлодар,
  • Қарағанды,
  • Теміртау,
  • Жезқазған,
  • Балқаш;
  • Өскемен,
  • Семей,
  • Риддер;
  • Ақтөбе.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Бұл – жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оған әлсіз жел, тұман және инверсия себеп болады. Мұндай жағдайда қала үстін түтін басып, ауа сапасы күрт нашарлайды.

Мамандар кеңесі

Ауаның ластануы адам денсаулығына, әсіресе тыныс алу жолдарына тікелей әсер етеді. Осыған байланысты мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

1. Өндіріс орындарына жақын жерде серуендеуді шектеңіз. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ жүруден бас тартқан жөн.

2. Спортпен жабық спорт кешенінде айналысқаныңыз дұрыс.

3. Өкпе, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиясы бар адамдар далаға шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүргені абзал.