Ол осы қылмысы үшін 6,8 жылға сотталды
Астана қаласының арнайы прокурорлары құрылыс компаниясының басшысына қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекетпен елордалық проблемалық тұрғын үй кешенін аяқтауға бөлінген бюджет қаражатынан құрылыс компаниясы 2,1 млрд теңге жымқырғаны анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке 412 млн теңге қайтарылды.
«Сот үкімімен кінәлі тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысымен байланысты коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Материалдық залал өндірілді. Үкім заңды күшіне енді», – делінген прокуратура хабарламасында.