Синоптиктердің мәліметі жарияланды
Синоптиктердің мәліметінше, 13 ақпан күні еліміздің бес қаласында атмосферада зиянды заттар жоғары деңгейде шоғырлануы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты, соның салдарынан зиянды қоспалар жерге жақын ауа қабатында жиналып, таралмай тұрады.
«2026 жылғы 13 ақпанда ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер және Астана қалаларында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
ҚМЖ деген не және ол несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл:
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, шоғырлауына себеп болады. Нәтижесінде, әсіресе құрылысы тығыз салынған немесе өнеркәсіптік аймақтарда ауа сапасы уақытша нашарлайды.