Әлеуметтік желіде тараған қатыгез бейне қоғам наразылығын туғызды
Алматыда көлікке байланған итті сүйретіп, жануарға ауыр жарақат келтірген жүргізушіге қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада иттің көлікке байланған күйі асфальт бойымен сүйретіліп, қансырап жатқаны анық көрінеді. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген тексеру нәтижесінде көлік иесі анықталған. Қазіргі уақытта оған қатысты жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Полиция жануарларға қарсы жасалған кез келген зорлық-зомбылық фактісі қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркеліп, жан-жақты қаралатынын мәлімдеді. Құқық бұзушылар заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
«Жануарларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген дерегі заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеліп, жан-жақты қаралатынын еске салады. Азаматтардың барлық өтініштері назарға алынып, құқық бұзушылар қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылады», - делінген ПД мәлімдемеде.