ШҚО-да жағдайы ауыр сәби ауруханаға шұғыл түрде тікұшақпен жеткізілді

Автор: Асыл Арман

Сәбиді құтқару үшін ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды

Фото: istockphoto.com

ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитариялық авиация желісі бойынша Өскемен – Алтай – Өскемен бағытымен ұшу рейсін орындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ұшудың мақсаты – шұғыл түрде облыс орталығындағы медициналық мекемеге жатқызуды қажет еткен сәбиді жеткізу болды. Экипаж мүшелері мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында кішкентай науқас дер кезінде ауруханаға жеткізілді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

ТЖМ тікұшақтары шалғай елді мекендердің тұрғындарына шұғыл көмек көрсету үшін тәулік бойы дайындықта тұрады.