Сонымен қатар 100 мың маска, термометр мен антисептик жіберіледі
Ресей Қазақстанға коронавирусты анықтайтын тағы 50 мың тест жіберетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, алдағы күндері көршілес республикаға тағы 50 мың тест жүйесі мен реагенттер жіберіледі. Сонымен қатар Қазақстанға ресейлік коммерциялық емес ұйымдар да көмек көрсетпек. Олар 100 мың маска, 20 мың қолғап, термометрлер мен антисептик жібереді», – деді РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарова.
Дипломаттың айтуынша, Ресейден жіберілетін медициналық көмек Қазақстанға 15 шілде жеткізіледі.
Айта кету керек, бұған дейін Ресей Қазақстанға 18 мың тест жіберген.