$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 21:58
Жаңалықтар

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды
Фото: видеокадр

Маңғыстауда итбалықты қорлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметке сілтеме жасап.

«2020 жылдың 6 шілдесінде Маңғыстау облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы белгісіз адамдардың итбалықты қорлау фактісі бойынша Маңғыстау облысы Қарақия ауданы полиция бөліміне шағым түсірген. Полиция бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлігіне (Жануарларға қатыгездiк жасау) сәйкес олардың жеке басын анықтап, қылмыстық іс қозғады», - деп жазды Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған. Сәкен Ділдахмет жабайы жануарлармен кездесіп қалған жағдайда қашықтық сақтау керек екенін ескертті.

Серіктес жаңалықтары