Қолайсыз ауа райына байланысты мектептер мен колледждердің бір бөлігі онлайн форматқа көшірілді
Астанада 12 ақпанда бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының Білім басқармасының мәліметінше, мұндай шешім ауа райының күрт нашарлауына байланысты қабылданды. Синоптиктер желдің күшеюі мен ауа температурасының одан әрі төмендеуін болжауда.
Осыған сәйкес, 12 ақпанда бірінші ауысымның 0–11 (12) сынып оқушылары, сондай-ақ 9 сынып базасында білім алып жатқан колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн форматта оқиды.
Ал екінші ауысымға қатысты шешім 12 ақпан күні таңертең қосымша хабарланатыны нақтыланды. Қалалық білім басқармасы ата-аналар мен студенттерге ресми ақпарат көздерін қадағалап отыруды ұсынды.