Рейстер аптасына 2 рет қатынайды
Енді Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл 2 маусымнан бастап қазақстандық «Air Astana» әуе компаниясы Қытайға жаңа әуе бағытын – Астана – Гуанчжоу маршрутын ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет «Airbus A321LR» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады.
«Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр», – делінген Көлік министрлігінің хабарламасында.