Әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.
Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен – Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.
Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.
Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды – 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды – 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді – 1:13.95.