Павлодар облысында жайылымдық жерлер заңсыз «сатылып» кеткен

Автор: Асыл Арман

Ақсу қаласында жайылымдық жерлер халыққа қайтарылды

Фото: istockphoto.com

Ақсу қаласында құны 2,6 млрд теңге болатын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жалпы аумағы 2 410 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру барысында халықтың мал жаюына ғана арналған жер учаскелерінің үшінші тұлғаларға өзге мақсаттарда берілгені анықталып, нәтижесінде жайылымдық жерлердің тапшылығына әкеп соққаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған аумақтар арнайы жер қорына енгізіліп, белгіленген мақсаттарына сәйкес бөлінетін болады.