Астанада жол бойында автобус түгелдей өртеніп кетті

Автор: Мөлдір Қазыбай

Нұра ауданындағы Қарқаралы тас жолында болған оқиғада зардап шеккендер жоқ

Фото: видеодан скриншот

Астананың Нұра ауданында, Қарқаралы тас жолы бойында автобус толықтай жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру бөлімшелері көлік құралының тұтастай отқа оранғанын анықтаған. Құтқарушылар өртті қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толық сөндірді.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер тіркелмеген. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Ведомство азаматтарды көлік құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.