СҚО-да жол апатынан сегіз адам зардап шекті

Автор: Дәулет Ботагөз

Оның үшеуі – балалар

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Астана – Петропавл автожолының 186-шақырымында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат кезінде екі көліктің ішінде барлығы сегіз адам болған, оның үшеуі – балалар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына Макинск кентінің трассалық медициналық-құтқару пунктінің мамандары жедел жеткен.

Зардап шеккендерге көрсетілген көмек:

Құтқарушылар 5 адамға, оның ішінде 2 балаға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Барлық зардап шеккендер Бұланды аудандық орталық ауруханасына жеткізілді.

Министрлік азаматтарды жолда сақ болуға және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

«Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыздар», — делінген ресми хабарламада.