Олимпиада алауы алғаш рет екі қалада бір мезетте жағылды
Италияның Милан қаласында XXV Қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет Олимпиада алауы екі қалада бір мезетте жағылды. Негізгі алау Миландағы Триумф аркасында тұтанса, екінші алау Кортина-д’Ампеццо қаласындағы Пьяцца ди Бонада алаңында жағылды. Ашылу рәсімі «Armonia» («Гармония») атауымен өтті.
Салтанатты бағдарлама аясында ұлттық құрамалардың шеруі де ерекше форматта ұйымдастырылды. Қазақстанның Мемлекеттік Туын шорт-трек спортшысы Денис Никиша Миландағы негізгі сахна Миланда, ал фристайл-могулдан Аяулым Әміренова шаңғы жарыстары өтетін Ливиньо алаңында алып шықты. Осылайша, ту көтеру рәсімі де бір уақытта екі жерде жүзеге асты.