Ол енді Ресейге алдағы 50 жыл бойы кіре алмайды
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі әзілкеш Нұрлан Сабыровтың Мәскеуде ұсталғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР азаматы Н. Сабыровқа қатысты айтар болсақ, ол немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан елшілігіне жүгінген жоқ. Сондай-ақ Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан оның ұсталғаны туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ», – деп мәлімдеді ҚР СІМ.
Айта кетейік, осыған дейін әзілкеш Нұрлан Сабыров жарты ғасыр бойы Ресейге кіре алмайтыны, артынша оның себебі белгілі болды.