Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға белгіленген ресми доллар бағамы жарияланды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 494,63 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,13 теңгеге төмен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 6 ақпанға белгіленген ресми доллар бағамы – 495,1 теңге.
Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 494,81 теңге, сату бағамы – 497,37 теңге. Астанада долларды орта есеппен 493,97 теңгеден сатып алып, 500,97 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пунктерінде доллар 495,58 теңгеден сатып алынып, 497,63 теңгеден сатылуда.