Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады

Автор: Асыл Арман

Президент оларға бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Қаныш Әбубәкіров пен қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековті қабылдады.

Мемлекет басшысы қорғаныс министрінің орынбасарларына ведомстводағы жетекшілік ететін бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.