Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүріп жатыр
Абай облысында полицияға Жаңасемей ауданының 41 жастағы тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған. Оның айтуынша, белгісіз жас жігіт биыл мамыр айында оның 18 жастағы ұлының университетке түсуіне көмек көрсетемін деп сенімін пайдаланып, 2 500 000 теңге көлемінде ақшасын жымқырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері Семей қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі таңда оған қатысты алаяқтық бойынша тексеру жүргізілуде.
«Күдіктіге процессуалдық құқықтары түсіндіріліп, келу міндеттемесі алынды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Абай облысы Полиция департаменті азаматтарға университетке түсу, жұмысқа орналасу немесе құжаттарды рәсімдеу бойынша «көмек» көрсету туралы уәделерге, әсіресе бейтаныс адамдардың сөзіне сенбеуге шақырады», – делінген ПД хабарламасында.