28 градус аяз болады: алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Синоптиктердің болжамы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, барикалық құрылымдардың жылдам ауысуына байланысты алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болып қала береді.

«Республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын, боран, желдің күшеюі, көктайғақ құбылыстары күтіледі. Кезеңнің басында шығыста, кезеңнің соңында Қазақстанның батысында қатты қар жаууы болжанады. Республиканың оңтүстігінде бүкіл кезең бойы қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі», – делінген синоптиктер болжамында.

Температуралық фонда жылыну күтіледі:

  • батыста түнде 13-23 аяздан 0-10 аязға дейін, күндіз 3-12 аяздан 10 аяз – 2 жылуға дейін;
  • солтүстік-батыста түнде 17-28 аяздан 3-13 аязға дейін, күндіз 10-20 аяздан 0-8 аязға дейін;
  • солтүстікте түнде 18-28 аяздан 5-15 аязға дейін, күндіз 13-21 аяздан 10 аяз – 1 жылуға дейін;
  • оңтүстікте түнде 3-18 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін, күндіз 13 аяз – 5 жылудан 5-15 жылуға дейін.

Шығыста түнде 0-12 аяздан 10-20 аязға дейін, күндіз 0-10 аяздан 7-15 аязға дейін ауытқу күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 0-13 аяздан 2-16 аязға дейін төмендеу, күндіз 0-13 аяздан 5 аяз – 8 жылуға дейін жоғарылау күтіледі.