Уақытылы орнатылған өрт хабарлағышы қайғылы жағдайдың алдын алды
СҚО-ның Ғ.Мүсірепов ауданда түтін датчигі 88 жастағы әжейдің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Новоишимское ауылының жеке тұрғын үйінде отта қараусыз қалған май құйылған таба өрттің шығуына себеп болуы мүмкін еді. Кір жуып жүрген үй иесін өрттің басталғаны туралы екі жыл бұрын орнатылған түтін датчигі дер кезінде хабардар етті.
«Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндіру жасағы қайғылы жағдайдың алдын алып, адамдардың өміріне қауіп төнуіне және мүлікке зиян келуіне жол берген жоқ», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.