Күдікті оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды РИА Новости
Ресейдің Нарьян-Мар қаласындағы балабақшада 36 жастағы жергілікті тұрғын алты жасар баланы пышақтап өлтірді.
«Күдікті оқиға орнында мас күйінде ұсталды. Оның баланы не себепті өлтіргені әлі белгісіз», дейді тергеу комитетінің өкілдері.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру туралы қылмыстық іске қоса, немқұрайлылық танытқан балабақша қызметкерлері мен күзетшілеріне қатысты іс қозғалды.