Қылмыскер 59 жаста
Флорида штатының федералды судьясы Эйлин Кэннон АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа 2024 жылдың күзінде, оның билікке қайта оралуына бірнеше ай қалғанда жасалған қастандық әрекеті үшін сотталған Райан Рутты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп жазады Azattyq Rýhy.
Прокуратура мәліметінше, сотталған азамат жасаған ісіне өкінбейтінін және өз кінәсін жоққа шығармайтынын айтқан.
Қорғау тарапы айыпталушының жасы (59 жаста) ескеріліп, 27 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
2025 жылдың қыркүйегінде Флоридадағы алқабилер соты Райан Рутты барлық айып бойынша, соның ішінде Дональд Трампқа қастандық жасауға әрекеттену және құпия қызмет қызметкеріне шабуыл жасау бойынша кінәлі деп таныды. Сол кезде сот отырысы барысында Рут өзіне қаламмен пышақ салуға тырысқан.
2024 жылдың 15 қыркүйегінде Флоридада Трамп гольф ойнап жүрген гольф-клубтың маңында атыс оқиғасы болған. Қастандық жасады деген күдікпен бір адам ұсталды. Ол винтовкамен қаруланып, Трамп гольф ойнап жүрген сәтте гольф-клубтың жанында болған. Рут қарудың ұңғысын тор қоршау арқылы шығаруға әрекет жасаған, алайда осы сәтте құпия қызмет оны байқап, алдымен оқ атып, кейін күдіктіні ұстаған.