Бұл қалаларда ауа сапасы күрт нашарлайды
Синоптиктердің мәліметінше, 5 ақпан күні елдің үш қаласында атмосферада ластаушы заттардың жоғары деңгейде шоғырлануы күтіліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл зиянды қоспалардың ауаның жерге жақын қабатында жиналып, таралмауына әсер ететін ауа райы факторларының үйлесуімен байланысты.
«2026 жылғы 5 ақпанда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана қаласында күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) деген не және олар несімен қауіпті?
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл:
Мұндай жағдайлар ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіріп, олардың жиналуына ықпал етеді. Соның салдарынан ауаның сапасы уақытша нашарлайды, әсіресе тығыз салынған аудандар мен өнеркәсіптік аймақтарда.