Қайғылы оқиғаны Көліктегі полиция департаменті ресми түрде растады
Түркістан облысына қарасты Арыс қаласында теміржол бойына шығып алған ер адам пойыз қағып кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өкінішке қарай, қайғылы оқиғаны Көліктегі полиция департаменті ресми түрде растап, агенттік тілшісіне пікір білдірді.
«Түркістан станциясындағы желілік полиция бөлімі теміржол көлігіндегі қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Көліктегі полиция департаменті азаматтарды теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Қауіп деңгейі жоғары аймақтарда барынша мұқият болып, сақтық шараларын ұстану қажет», – делінген Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.