Қазақстан Ұлттық банкінің 4 ақпандағы ресми доллар бағамы белгілі болды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 498,65 теңгені құрады. Осылайша, доллар бағамы 4,4 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкінің 4 ақпандағы ресми доллар бағамы – 503,44 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 498,73 теңге, сату бағамы – 501,33 теңге. Астанада долларды орта есеппен 497,04 теңгеден сатып алып, 504,04 теңгеден сатуда. Ал Шымкент қаласындағы айырбастау пунктерінде доллар 498,64 теңгеден сатып алынып, 500,98 теңгеден сатылып жатыр.