$ 503.44  593.35  6.55
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада есірткіге пара-пар зат көңіл көтеретін орындарында емін-еркін сатылған

Осыған қатысты 6 қылмыстық іс қозғалды

Астанада есірткіге пара-пар зат көңіл көтеретін орындарында емін-еркін сатылған
Фото: istockphoto.com

Астанадағы бірқатар көңіл-көтеру орнында 20-дан астам азот тотығы баллоны анықталып, тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301-бабының 1-бөлігі бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.

Азот тотығын, яғни «күлдіретін газды» заңсыз сату қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Аталған зат күшті әсер ететін заттар қатарына жатқызылған және азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді. Оны тұтынуға байланысты денсаулыққа ауыр зиян келтіру және өліммен аяқталған жағдайлар тіркелген. Сонымен қатар, бұл затты пайдалану азаматтардың есірткі заттарын қолдануға тартылуына жиі себеп болуда.

«Қала прокуратурасы күшті әсер ететін заттардың, оның ішінде азот тотығының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында мүлікті тәркілеу арқылы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгендігіне назар аударады», – делінген ведомство хабарламасында.