Ұл бала 30 қаңтарда дүниеге келген
Ақтаулық блогерлер Мерей мен Әсел Оразбековтер ұлының атын «Роналдо» деп қойып, желіні шулатты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқырмандарының көбіне бұл есім ұнаған оқ. Өйткені, олар қазақ баласының есімі қазақша болу керек деген пікірлерін айтқан. Бірақ, блогер Әсел Оразбекованың айтуынша, балаға қай тілде ат қойылса да, оның тәрбиесі бірінші орында тұрады.
«Есімнің ұлты болмайды, есімнің салмағы болады. Роналдо – еңбек, тәртіп, жеңіс, әлемге танылу деген символ. Біз балаға жай ат емес, ниет қойдық. Біреу батырдың атын қояды, біреу атасының атын, ал біз ұлымыз әлемдік деңгейде жүрсін, шекарасы тар болмасын деп қойдық. «Қазақша ат табылдмады ма?» дейтіндерге айтарым: қазақтың рухы – атында емес, тәрбиесінде. Ал мен ұлымды нағыз қазақ қылып өсіремін, уайымдамаңыздар», - деп жазған Әсел Оразбекова.