Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі қарсы алды
Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтермек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Пәкістан Ислам Республикасына барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф салтанатты түрде қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды.
Сапар рәсімі ерекше ілтипатпен өрбіді. Қазақстан мен Пәкістанның мемлекеттік туларын ұстаған балалар Мемлекет басшысына құрмет көрсетіп, жылы қошемет білдірді.
Ертең екі ел басшылары жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы саяси диалогты тереңдету, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері жан-жақты талқыланбақ.