Егемендіктің иесі халық екені Конституцияда тұңғыш рет көрсетіліп отыр – Қарин

Автор: Аягөз Құрмаш

Қарин Конституцияның жаңа жобасында қандай қаиғдат басымдыққа ие екенін жеткізді

Фото: видеодан скриншот

Конституциялық комиссияның отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа «егемендік» пен «тәуелсіздік» сөздері алты реттен кездесетінін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy

«Жаңа преамблуада мемлекеттің шекарасы мен аумақтық тұтастығына қол сұғылмайтыны анық жазылған. Сол секілді 2-баптың 6-тармағында Қазақстанның аумақтық тұтастығы өзгермейді деп көрсетілген. Бұл Қазақстанның аумақтық тұтастығы болашақта да мәселе ретінде талқыланбайды деген сөз. Тіпті референдумға да мұндай мәселелер болашақта шығарылмайды дегенді білдіреді. Мұны бүкіл ел азаматы білуі керек. Осыған байланысты түрлі арандатушылыққа ермеуі тиіс», - деді ол.

Қариннің айтуынша, егемендік пен тәуелсіздікті сақтау мен нығайту жаңа Конституцияның мызғымас қағидаты.

«Жаңа Конституцияда тәуелсіздік, егемендік, мемлекеттілік пен аумақтық тұтастылық мемлекеттік басты құндылығы ретінде айқындалып, орныққан. Оны жаңа преамблуадан анық аңғаруға болады. Кейбір нормаларда дәйекті түрде белгіленді. Қазіргі 1995 жылғы Констиуцияда тәуелсіздік пен егемендік сөзі 2 рет аталады. Ал жаңа Ата Заңда тәуелсіздік пен егемендік сөздері 6 рет аталады. Себебі бұл ұғымдар қоғам назарына ұсынылған жобадағы негізгі ұғым», - деді Қарин.

Мемлекеттік кеңесші Конституцияда мемлекет қызметінің қағидаттары егемендік пен тәуелсіздікті нығайту емес, қорғау деп басталатынын айтты.

«46-баптың 17-тармағында Қазақстанның тәуелсіздігі мен қауіпсіздігіне тікелей қауіп төнсе, президент тиісті шешім қабылдауға құқығы бар екені айтылған», - деді ол.

Қарин жаңа Конституцияда егемендіктің иесі халық екені тұңғыш рет көрсетілгенін айтты.

«Қазіргі қолданыстағы Ата заңда мұндай ұғым жоқ», - деді ол.