Бұл ауылда 428 адам, 77 аула, 51 шаруа қожалығы бар
Абай облысында жүздеген адам тұратын ауыл ішімдіктен бас тартқаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Абай облысының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған «Алкогольсіз ауыл» бастамасын жалғастыруда.
Қозғалысқа Абай ауданының Медеу ауылдық округі қосылды. Қоғамдық жиында тұрғындар алкоголь өнімдерін сатудан және тұтынудан бірауыздан бас тарту туралы шешім қабылдады.
Бүгінде округте 428 адам, 77 аула, 51 шаруа қожалығы бар. Бұл – тәртіп пен қауіпсіздікті саналы түрде таңдаған ұйымшыл қауым.
«Полиция бастаманы жүйелі профилактика және халықпен тұрақты диалог арқылы қолдауды жалғастырады. Алкогольден бас тарту – тыныш аулаларға, берік отбасыларға және қауіпсіз болашаққа жасалған қадам», – делінген облыстық ПД хабарламасында.