Ақтау кафесінде үш жігіт бір қызға жабылған

Автор: Аягөз Құрмаш

Диванға төгілген бір шәйнек шай қызды соққыға жығуға себеп болды

Фото: видеодан скриншот

Оқиға 31 желтоқсан күні шамамен сағат 22:52-де Ақтаудағы Lemonade кафесінде болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Жазбаны жариялаған қыздың айтуынша, жанжал қызметкерлердің диванды былғағаны үшін 14 мың теңге төлеуді талап етуінен басталған. Алайда ол бұл соманы төлеуден бас тартқан.

Оқиға барысында ең белсенді әрекет еткен адамның бірі өзін мекеменің иесі деп санайтын ер адам болғанын айтады.

«Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық істер сотқа жолданды.Т ергеу барысында 2025 жылғы 31 желтоқсанда кафелердің бірінде мекеме басқарушысы мен келуші әйел арасында сөз жүзіндегі жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға салдарынан жанжалға қатысқан екі тарап та жараланған. Тексеру нәтижесінде қатысушылардың екеуінде де соққы белгілері бар екені анықталды.  2026 жылғы 31 қаңтарда қылмыстық істер процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - облыстық полиция департаменті.

Полиция қоғамдық орындарда зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол берілмейтінін және мұндай әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.