Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды
Алматы қаласында 2 ақпан күні ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық ортаның өкілін ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол аса ірі көлемде қорқытып алушылық жасады деп күдіктеліп отыр. Ұсталған адам УҰИ-ға қамалды.
Осы іс аясында қаңтар айында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.
«Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген ҰҚК хабарламасында.