Қазақстанда доллар қайта қымбаттай бастады

Автор: Асыл Арман

Бір күнде 3,93 теңгеге қымбаттады

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндік сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 505,17 теңгені құрады, бұл бір күнде 3,93 теңгеге өскенін көрсетеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми бағамы 2 ақпанда 501,02 теңге деп белгіленді.

Kurs.kz сайтының мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 504,84 теңгеден сатып алып, 507,05 теңгеден сатады. Астанада сатып алу – 501,99 теңге, сату – 508,99 теңге. Шымкентте долларды сатып алу – 504,9 теңге, сату – 507,05 теңге.